Әділетті Ата Заң – қуатты мемлекет
Университетте Конституциялық реформаның мазмұнын ғылыми-құқықтық тұрғыдан зерделеу, институционалдық өзгерістердің мәнін түсіндіру және академиялық қауымдастық пен қоғам өкілдері арасында кәсіби пікір алмасу мақсатында сарапшылар отырысы өтті.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Батырхан Жолдас Нұрланұлы, Басқарма Төрағасы-Ректор, Конституциялық реформа жөніндегі Конституциялық комиссияның мүшесі Қарабасова Лаура Шапайқызы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Сарсембин Үмбетхан Қуандықұлы және «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Нурутдинова Айнур Жарылғасынқызы жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының құқықтық тетіктері мен қоғамдық-саяси маңызы кеңінен талқыланды. Сарапшылар жаңа Ата Заң жобасы әділеттілік, заң үстемдігі және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын орнықтыруға бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ, адами капиталды дамыту, зайырлы және сапалы білім беру жүйесін нығайту, ғылым мен инновацияны стратегиялық басымдық ретінде айқындау мәселелері ерекше аталды. Сарапшылардың пайымдауынша, білім мен ғылымға негізделген экономикалық модель қалыптастыру – конституциялық реформаның ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің басты алғышарты.
Ашық диалог форматында өткен жиынға ғылыми қауымдастық және құқықтық сала өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары басшылары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлім басшылары қатысты.
Университет алаңында өткен бұл кездесу академиялық орта мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, конституциялық реформаның мазмұнын терең ұғынуға мүмкіндік берді.