Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам
Университетте Конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіруге, жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар еліміздегі Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелерін, қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатының маңыздылығын және әр азаматтың қоғамдық жауапкершілігін талқылады.
Сонымен қатар құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына ерекше назар аударылды.
Іс-шараға заң саласының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен жас мамандар қатысты. Сарапшылар конституциялық жаңғыру үдерісі қоғамның тұрақты дамуына, әділетті әрі ашық басқару жүйесін қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.