Бейнелеу өнерінің халықаралық алаңы: «ART Turan» көрмесі
Жұбанов университеті мен К.Бехзод атындағы Ұлттық өнер және дизайн институтының ынтымақтастығы аясында “ART Turan” халықаралық көрмесі өтті.
Аталған көрме өнер мен мәдениет кеңістігіндегі шығармашылық байланысты нығайтуға, жас суретшілер мен кәсіби қылқалам шеберлерінің туындыларын кеңінен таныстыруға бағытталды. Халықаралық форматта ұйымдастырылған шараға студенттер мен шетелдік суретшілердің бірлескен жұмыстары қойылып, бейнелеу өнерінің түрлі бағыттары қамтылды.
Көрме барысында кескіндеме, графика, заманауи арт және авторлық шығармалар ұсынылды. Шара өнер арқылы екі оқу орны арасындағы шығармашылық диалогты дамытуға және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.