Басты бет > Жаңалықтар > Ғылыми нәтижелер талданып, жаңа міндеттер айқындалды
4
Ғылыми нәтижелер талданып, жаңа міндеттер айқындалды

Университетте ғылыми кеңес отырысы өтті. Жиында 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы және 2026 жылға арналған басым бағыттар қаралды. Ғылыми жобалардың тиімділігі, жарияланым белсенділігі, халықаралық ынтымақтастық және жас ғалымдарды қолдау тетіктері кеңінен талқыланды. 

2025 жылы қорытындысы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын 37 гранттық жоба жүзеге асырылды. Халықаралық Scopus және Web of Science ғылыми басылымдар базасында университет ғалымдары тарапынан 235 мақала жарияланды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институтынан  пайдалы модельге 7 патент алынды.

Сонымен қатар, кеңес отырысында 2026–2027 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестендіру мәселесі және білім алушыларды қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  ұсыныстар қаралды. 

2025–2026 оқу жылындағы қысқы қабылдау бойынша магистранттардың диссертациялық зерттеу тақырыптары, ғылыми жетекшілері мен рецензенттері, сондай-ақ докторанттардың отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілері бекітілді. 

Жиын қорытындысында академиялық сапаны арттыруға, университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін күшейтуге және басқару тиімділігін жетілдіруге бағытталған нақты бастамалар айқындалды.