Басты бет > Жаңалықтар > Ақтөбедегі Heriot-Watt кампусының студенті «Шапағат» медалімен марапатталды
4
Ақтөбедегі Heriot-Watt кампусының студенті «Шапағат» медалімен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлығына сәйкес «Шапағат» медалімен Жұбанов университетінің базасында орналасқан Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының 3 курс студенті Кадын Аида Витальевна марапатталды.

Аида Витальевна – «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында жұмыс істейтін «Сөйле» тілдесу клубының қазақ тілі бойынша жетекшісі. Ол мемлекеттік тілді насихаттауға және тіл үйренуге ниетті азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған еріктілік бастамаларға белсенді қатысып келеді.

«Шапағат» медалі азаматтарға белсенді әрі нәтижелі қайырымдылық қызметі, мейірімділік пен қоғамдық бастамаларға қосқан үлесі үшін табысталады.