Басты бет > Жаңалықтар > Профессор Гүлбану Ізбасароваға академик Н.Базанова атындағы марапат табысталды
4
Профессор Гүлбану Ізбасароваға академик Н.Базанова атындағы марапат табысталды

Профессор, тарих ғылымдарының докторы Ізбасарова Гүлбану Болатқызы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы тағайындаған отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Нәйлә Базанова атындағы марапатқа ие болды. 

Академик Нәйлә Базанова атындағы марапат – жоғары ғылыми нәтижелерге қол жеткізген, маңызды жаңалықтар ашқан және қолданбалы зерттеулердің дамуына елеулі үлес қосқан әйел-ғалымдарды ынталандыруға, олардың жетістіктерін кеңінен насихаттауға бағытталған  құрмет белгісі. Биыл бұл марапат 66 зерттеуші әйел-ғалымға табыс етілді. 

Гүлбану Болатқызы – 150-ден астам оқу-әдістемелік және ғылыми басылымдардың авторы. Еуропалық Орталық Азия зерттеулері қоғамы (ESCAS), Орталық Еуразияны зерттеу қоғамы (CESS), Славян, Шығыс Еуропа және Еуразия зерттеулері қауымдастығының (ASEEES) мүшесі.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Профессор Гүлбану Болатқызының ғылыми қызметі Қазақстан тарихын, әсіресе Ұлы дала тарихындағы саяси, этникалық және әлеуметтік үдерістерді зерттеуге бағытталған. Оның еңбектері отандық тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосып келеді.