Университет түлегі Азамат Әбілқайыр мемлекеттік наградаға ие болды
Университет түлегі, ақын, тележурналист Азамат Әбілқайыр Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.
Азамат Әбілқайыр – «24KZ» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі, журналист. Еңбек жолын туған қаласында бастап, «РИКА» және облыстық «Ақтөбе» телеарналарында қызмет етті. Университет қабырғасында да белсенді болып, қоғамдық шараларға белсене атсалысты.
Ол – «Құдірет» жыр кітабының және балаларға арналған 6 комикс кітабының авторы. Халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жеңімпазы.
Жерлесіміз 2012–2016 жылдары филология кафедрасында, Қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде білім алған. Ойыл ауданы, Саралжын ауылында дүниеге келген.
Жұбанов ұжымы атынан құттықтаймыз. Университет еңбекқор түлектерін мақтан тұтады!