Басты бет > Жаңалықтар > Ақтөбеде HealTech 2026 Expo көрмесі өтті
4
Ақтөбеде HealTech 2026 Expo көрмесі өтті

Қ. Жұбанов атындағы АӨУ Студенттер сарайында Heriot-Watt University Ақтөбе кампусы студенттері өздерінің Health Companion жобаларын ұсынды.

Компьютерлік инженерия бағдарламасының студенттері 16 командаға бөлініп, 16 стартап жоба әзірледі. Әр команда өзін нағыз компания ретінде көрсетіп,  денсаулығында кінәраты бар адамдарға өз жағдайын үнемі бақылауда ұстауға көмектесетін қосымша жасады. Нәтижесінде тек идея емес, нақты өмірде қолдануға болатын 16 түрлі шешім ұсынылды.

Бұл тек бағдарламалау туралы емес. Студенттер жүйе архитектурасын, дизайнын, инженерлік шешімдер, бизнес-моделін толықтай жасап шықты. Ең бастысы идеяны стартапқа айналдыруды үйренді. 

Түпкі мақсат үздік жобаларды болашақта нақты компанияларға айналдыру.

Көрме барысында командалар өз жобаларын сарапшыларға таныстырып, бағдарламалық инженерия стандарттарына сәйкес бағаланды. Бұл жоба қарапайым сабақ деңгейінен асып түсті. Бұл бағдарламалау шеңберінен шығып, нақты өнім жасап, оны кәсіпке айналдыруды үйретуге ұласты. 

Бұл — нақты дағдылар, нақты өнімдер және нақты болашақ