Басты бет > Жаңалықтар > Наурыз – береке мен бірліктің бастауы
4
Наурыз – береке мен бірліктің бастауы

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Наурызнама тұжырымдамасы аясындағы Жаңару күні ретінде университетіміздің Бас ғимаратында аталып өтті.

Іс-шараға университеттің басқарма мүшелері, мәслихат депутаттары, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар, серіктестер мен қоғам белсенділері жиналды.

Ұлттық құндылықтар көрініс тапқан басқосуда халық әндері мен күйлері орындалып, дәстүр сабақтастығы дәріптелді. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, қолөнер бұйымдары мен әдеби кітаптар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мазмұнды бағдарламамен өрілген мереке рухани құндылықтарды ұлықтап, қоғамдағы өзара түсіністік пен ұлттық бірегейліктің нығаюына ықпал етті.