Ғылыми мұра және мерейтой: Игорь Спивак-Лавровқа құрмет көрсетілді
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Спивак-Лавров Игорь Феликсовичтің 80-жылдық мерейтойына арналған физика-математика факультеті ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға университет басшылығы, ғылыми қауымдастық өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымның туыстары мен шәкірттері қатысып, мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдірді.
Ректор Лаура Қарабасова құттықтау сөзінде ғалымның ғылыми қауымдастықтағы айрықша орнын атап өтіп, облыс әкімі Асхат Шахаровтың құттықтау хатын табыстады.
Игорь Спивак-Лавров корпускулалық оптика және теориялық физика саласының көрнекті маманы, 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақстанның ғылыми жетістіктерін халықаралық деңгейде танытуға зор үлес қосқан профессор – «Құрмет» ордені мен «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағының, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының екі мәрте иегері.