Басты бет > Жаңалықтар > Абайлаңыз, алаяқ!
4
Абайлаңыз, алаяқ!

Құрметті студенттер!

Алаяқтардан сақ болуларыңызды ескертеміз! Олар өз құрбандарының сеніміне кіріп, сізге университетке оқуға түсу, делдалдар арқылы грантқа ауысу немесе емтихан сессиясын тапсыру, жатақханаға орналасу, оқуға жеңілдіктер алу және т. б. мәселелерді шешу “қызметтерін” ұсынуы мүмкін.

Есіңізде болсын, біздің университет әркез Академиялық адалдық қағидаттарын ұстанады. Сондықтан барлық қызмет толығымен ашық түрде жұмыс істейді!

Егер сіз алаяқтардың әрекеттеріне тап болсаңыз немесе осындай фактілерді білсеңіз, дереу комплаенс кеңсесі қызметінің байланыс нөмеріне хабарласыңыз: +7 707 737 1935