Басты бет > Халықаралық байланыстар > Түрік тілін меңгеруге арналған курс нәтижелі аяқталды
4
Түрік тілін меңгеруге арналған курс нәтижелі аяқталды

Халықаралық бағдарламаларды табысты жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған түрік тілі курсы өз мәресіне жетті. Бағдарлама аясында тыңдаушылар түрік тілін меңгеру дағдыларын жетілдіріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды.
Қараша–ақпан айлары аралығында өткен курсқа университеттің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты. Дәрістерді түрік тілі маманы, қауымдастырылған профессор Өтен Шевкет жүргізді. Оқу нәтижесі бойынша қатысушыларға А1–А2 деңгейіндегі сертификаттар табысталды.
Аталған бастама қатысушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға оң ықпал етті.