Құрметті талапкерлер мен білім алушылар!
Жоғары оқу орнына “грант негізінде оқуға түсіру, ақылы негізден грантқа ауыстыру" немесе “шекті баллсыз ақылы бөлімге орналастыру” қызметтерін ұсынып жүрген тұлғаларға сенбеулеріңізді сұраймыз.
Білім беру гранттары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан бөлінеді және тек ашық конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Мұндай әрекеттер алаяқтық фактісі ретінде танылады және аталған деректер анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жіберіледі.