Зерттеу үдерісіндегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен жауапкершілік
Ғылым айы аясында жасанды интеллект және жаңа технологиялар саласындағы тәжірибелі сарапшы Қайрат Молдашев “Жасанды интеллектіні ғылыми зерттеулерде тиімді әрі этикалық тұрғыдан қолдану” тақырыбында семинар өткізді.
Шара барысында зерттеу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде жасанды интеллект қолданудың заманауи тәсілдері қарастырылып, академиялық адалдық талаптары, ғылыми стандарттар және этикалық тәуекелдерді ескеру мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ MethodMate платформасындағы алдын ала дайындалған нұсқаулықтарды пайдалана отырып, зерттеушінің өнімділігін арттыру, нәтижелердің сенімділігін тексеру, дереккөздермен жұмыс және жасанды интеллект зерттеу дағдыларының дамуына ықпалын түсіну тақырыптарына назар аударылады.
Кездесу жас зерттеушілердің, докторанттардың, ғылыми жетекшілер және зерттеу бөлімшелері қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіруге оң ықпал етті.