Басты бет > Жастар саясаты > Белсенді студенттерге оқу ақысына жеңілдік берілді
4
Белсенді студенттерге оқу ақысына жеңілдік берілді

Әлеуметтік қолдау аясында қоғамдық өмірге белсенді қатысып, түрлі бағыттарда жоғары жетістіктерге қол жеткізген, ақылы негізде оқитын 40 білім алушыға оқу ақысына жеңілдік сертификаттары табысталды.

Аталған қолдау білім алушыларды ынталандыруға, олардың академиялық және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Жеңілдік сертификаттары оқу үдерісінде үздік нәтижелер көрсетіп, университеттің қоғамдық, мәдени және ғылыми өміріне белсене араласып жүрген әлеуметтік санаттағы жастарға ұсынылды.

Бұл шара университеттің білім алушыларды жан-жақты қолдауға бағытталған әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі болып саналады және жастардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына оң ықпал етеді.