Басты бет > Құттықтаймыз > Босаған білім беру гранттарының иегерлері анықталды
4
Босаған білім беру гранттарының иегерлері анықталды

Босаған білім беру гранттарына білім алушылар арасынан уәкілетті органға үміткерлерді ұсыну университетте екі мәрте жүргізілді:

1. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде білім беру гранты негізінде оқып, түрлі себептермен оқудан шыққандар есебінен босаған гранттық орындарға үміткерлер ұсыну.
2. Қазақстан Республикасы бойынша жоғары оқу орындарында босаған гранттық орындарға үміткерлер ұсыну.

Барлық үміткерлердің құжаттары Академиялық қызмет департаментінде тексеріліп, білім беру бағдарламалары тобы бойынша орындар санына сәйкес ҰБТ мен КТ сертификаттары бар, оқу жетістіктерінің орташа көрсеткіші жоғары (GPA) білім алушылардың құжаттары республикалық комиссияға ұсынылды.

Республикалық конкурс қорытындысы бойынша Жұбанов университетінің босаған гранттарын 54 (бакалавриат - 50, магистратура - 4) білім алушы, еліміздегі басқа жоғары оқу орындары есебінен босаған гранттық орындарды
36 білім алушы (бакалавриат - 33, магистратура - 3) иеленді.
Жалпы грант иленгендер саны - 90 (бакалавариат - 83, магистратура - 7).

Грант иегерлерін құттықтаймыз!