Университет студенті Әлем чемпионы атанды
Түркияның Анталия қаласында Ашихара каратэден өткен әлем чемпионатында университет білім алушысы Ерасыл Базарбай үздік өнер көрсетіп, Әлем чемпионы атанды.
Ол – “Дене шынықтыру және спорт” білім бағдарламасының 1-курс студенті.
Тартысты додада әлемнің төрт бұрышынан жиналған спортшылармен сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көрінген Ерасыл Базарбайға ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.
Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!