Басты бет > Құттықтаймыз > Жұбанов құрамасы – студенттік спорт лигасының Батыс аймақтық жеңімпазы
4
Жұбанов құрамасы – студенттік спорт лигасының Батыс аймақтық жеңімпазы

ҚР Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы спорт лигасының Батыс аймақтық кезеңінде футзалдан университет құрамасы чемпион атанды. 

4-5 сәуір күндері өткен жарыстың топтық кезеңінде студенттеріміз Орал, Атырау қалаларының командаларымен кездесті. 

Жартылай финалда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті командасын 5:1 есебімен жеңсе, финалда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті құрамасымен тең түсіп, пенальти сериясы нәтижесінде жеңімпаз атанды. 

Құттықтаймыз!