Ғылыми-техникалық зерттеулер және инновациялық технологиялар
ХХII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысында техника және жаратылыстану салаларындағы өзекті мәселелер, жасанды интеллект және цифрландыру бағыттары кеңінен талқыланды.
Баяндамашылар интеллектуалды жүйелерді жасау, хромитті окатыштар өндірісінде сапалы материалдарды пайдалану, көміртек арқылы мұнай өндірісін арттыру, орта көміртекті ферромарганец алу технологияларын және бүйрек фиброгенезіндегі ақуыздың рөлін жан-жақты түсіндірді.
Конференция барысында қозғалған тақырыптар ғылым мен өндірістің өзара байланысын нығайтып, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың дамуындағы жаңа мүмкіндіктерді айқындады.
Іс-шара тәжірибелі зерттеушілер мен жас ғалымдар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасап, ғылыми қауымдастықтың дамуына ықпал етті.