Басты бет > Білім > Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу өткізу туралы
4
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу өткізу туралы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2026 жылғы 14–16 сәуір аралығында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында сыртқы сараптау комиссиясы өз жұмысын жүзеге асырады.

Сапардың мақсаты – университеттің білім беру қызметінің сапасын тәуелсіз бағалау, білім беру бағдарламаларының заманауи академиялық талаптарға, еңбек нарығының сұраныстарына және сапаны қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына сәйкестігін анықтау.

Мамандандырылған аккредиттеу аясында келесі білім беру бағдарламалары бағаланады:

  • 6B01506-География
  • 6B07210-Металлургия
  • 7M01504-Химия
  • 7M01506-География
  • 7M04104-Қаржы

Сыртқы сараптау комиссиясының құрамы:

  • Комиссия төрағасы: Қамарова Нағбду Сұлтансихқызы (Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті)
  • Институционалды аккредиттеу стандарттары бойынша сарапшылар: Кайшыгулова Жанна Тилеуовна (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті), Шыныбай Жандос Сапарғалиұлы (Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті), Амангазиева Меруерт Кусаиновна (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті), Шукурова Бибигайша Максутовна (Баишев университеті);
  • Білім беру бағдарламалары бойынша сарапшылар: Молдабаева Гульнара Жаксылыковна (Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті), Егинбаева Айгуль Есенгалиевна (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Сагинаев Аманжан Туремуратович (С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті), Калденова Гулжанат Сыдыковна (Баишев университеті).
  • Шетелдік сарапшы: Левин Владимир Сергеевич (В.А. Бондаренко атындағы Орынбор мемлекеттік университеті)
  • Стейкхолдерлер тарапынан сарапшылар: Тампишева Кенже Тыныштыкбаевна (жұмыс беруші-сарапшы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаменті), Досан Гүлім Талғатқызы (студент-сарапшы, Баишев университеті).
  • Координатор: Салкараев Жаксылык Косакбаевич (Білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығы (САААЕ)

Сапар аясында университет басшылығымен, оқытушылармен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізу, сондай-ақ университеттің білім беру инфрақұрылымы мен ғылыми қызметімен танысу жоспарланған.