Басты бет > Халықаралық байланыстар > Халықаралық ынтымақтастық – білім кеңістігін кеңейтудің тетігі
4
Халықаралық ынтымақтастық – білім кеңістігін кеңейтудің тетігі

Университет өкілдері Алматы қаласында Малайзияның Сұлтан Идрис Білім Университетінің ресми делегациясымен кездесті.

Кездесу аясында екі жоғары оқу орны арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға және білім мен ғылым саласындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды. 

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлердің тәжірибе алмасуы, қос дипломдық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, магистратура және PhD деңгейінде бірлескен ғылыми жетекшілік жүргізу, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және халықаралық конференциялар өткізу. 

Аталған келісім жоғары білім беру кеңістігін интернационалдандыруға, ғылыми әлеуетті арттыруға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жаңа серпін береді.