Зияткер жастар үздіктер қатарында
11–12 сәуір күндері Алматы қаласында өткен TEO CUP XV республикалық турнирінде “Заман біздікі” интеллектуалды элиталар одағының пікірсайысшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Еліміздің әр өңірінен жиналған 100-ден астам қатысушы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, пікірсайыс алаңында өзара бақ сынасты.
Тартысты сайыс нәтижесінде Асхат Есенов альфа лигада II орынды иеленсе, Батыржан Сапарғали бетта лигада I орынға ие болды.
Пікірсайысшыларымызды құттықтаймыз!