Басты бет > Жаңалықтар > Study in Kazakhstan
4
Study in Kazakhstan

Жұбанов университеті алаңында «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесі ұйымдастырылды.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев мамандық таңдаудың маңыздылығы мен еңбек нарығының сұраныстарына тоқталды.

Көрмеге 40-тан астам отандық жетекші жоғары оқу орындары, сондай-ақ шетелдік университеттер филиалдарының өкілдері қатысып, білім беру бағдарламаларын таныстырды.

Мектеп және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітіруші түлектеріне оқу орны мен гранттық мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат беріліп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған кәсіби бағдар ұсынылды.