Басты бет > Жаңалықтар > Телемост: құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілік
4
Телемост: құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілік

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында телемост ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 800-ден астам білім алушы онлайн платформа арқылы құқық бұзушылық салдарын тікелей бастан өткерген азаматтармен байланыс орнатып, олардың өмірлік тәжірибелері негізінде заңсыз әрекеттердің жеке тұлға тағдырына тигізетін кері әсері туралы мазмұнды ақпарат алды.

Телемостқа қатысқан Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Арықов Асет Қазбекұлы, Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Кияшев Азамат Абдушевич, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының бас маманы, әділет капитаны Тұрымұлы Абай жастармен профилактикалық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ, заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.