Басты бет > Жаңалықтар > Цифрлық дәуірдегі шығармашылықтың жаңа көкжиегі
4
Цифрлық дәуірдегі шығармашылықтың жаңа көкжиегі

Кәсіби білім берудің өзекті мәселелерін, шығармашылық үдеріс және жасанды интеллект технологияларын өзара ықпалдастыруға бағытталған халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтті. 

Жиынға шетелдік ғылыми қауымдастық өкілдерінен – Түркия Республикасы, Акдениз университетінің доценті, PhD Айдын Зор, Өзбекстан Республикасы, Ұлттық Өнер және дизайн институтының доценті, PhD Ойбек Қасымов, өнертану докторы Эътибор Мирзаназарова, оқытушы Алтин Утегенова, Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің доценті, Қарақалпақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Азима Усенова, сондай-ақ, отандық ғалымдардан – профессор, педагогика ғылымдарының докторы  Төлеген Ботағариев, «Музыка және хореография» кафедрасының практик-маманы,  КР мәдениет саласының үздігі Мадина Кабижанова, «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Боранбай  Моменов қатысты. 

Конференция барысында цифрлық трансформация үдерістері, жасанды интеллектінің білім беру мен ғылым саласындағы рөлі, сондай-ақ шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды. 

Сонымен қатар архитектура және дизайн саласында жасанды интеллектіні қолдану, ән орындау кезіндегі тыныс алу жаттығулары, графикалық дизайнда жасанды интеллект технологияларын пайдалану, Жұбанов университетінің ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша баяндамалар ұсынылды. Орта Азия және қазақ халық аспаптарының ерекшеліктері, сондай-ақ дизайндық жобаларды жасанды интеллект көмегімен жүзеге асыруға қатысты практикалық жұмыстар көрсетілді.

Кәсіби - шығармашылық факультетінің ұйымдастыруымен өткен жиын қазіргі заман талаптарына сай білім беру мен ғылымның өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және жаңа бағыттарды айқындауға арналған маңызды алаң болды.