Басты бет > Жаңалықтар > Ата-ана және отбасы психологиясы
4
Ата-ана және отбасы психологиясы

Университетте облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп, ата-аналар қауымына арналған бала мен ата-ана арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыруға, отбасы ішіндегі эмоционалдық байланысты нығайтуға және баланың психологиялық тұрғыдан тұрақты дамуына қолдау көрсетуге бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға тәжірибелі психологтар, сондай-ақ тәуелді мінез-құлықтың алдын алу және түзету мәселелерімен айналысатын сарапшылар қатысып, теориялық мазмұндағы баяндамалармен қатар практикалық кейстерді талдау арқылы нақты ұсынымдар берді. Қатысушыларға бала тәрбиесіндегі заманауи психологиялық тәсілдер, тиімді коммуникация орнату жолдары, дағдарыстық жағдайларда дұрыс әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.

Семинар-тренингке қатысқан 150-ден астам ата-анаға балалардың психологиялық саулығын сақтау, отбасылық қарым-қатынасты нығайту, тұлғалық дамуды қолдау бағытындағы жадынамалар мен практикалық материалдар үлестірілді. 

Интерактивті форматтағы талқылаулар арқылы  ата-аналар мен мамандар арасында ашық диалог орнады. Бұл өз кезегінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу, олардың психоэмоционалдық әл-ауқатын арттыру және отбасы институтын нығайту бағытында өзара ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік берді.