Су ресурстары және экологиялық жауапкершілік
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы және «Суды үнемде – болашақты сақта» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Жер асты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы білім алушылармен кездесу өткізді.
Шараға Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов, Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Нарқозы Қартжан қатысты.
Кездесу барысында су ресурстарын ұтымды пайдалану, жер асты суларының қазіргі ахуалы мен оларды қорғау бағытындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар су тапшылығының алдын алу, экологиялық жауапкершілікті арттыру және су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тиімді су тұтыну бойынша білім деңгейін арттыру арқылы студенттердің су ресурстарына саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастыруға бағытталған шараға 130 білім алушы қатысып, өңірдің 80-нен астам мектеп оқушылары мен 20-дан астам колледж студенттері онлайн режимде қосылды.
Шара соңында су ресурстарын ұқыпты пайдалану мәдениетін насихаттауға және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға үлес қосқан бірқатар қызметкерлер мен білім алушыларға ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің Алғыс хаты табысталды.