Басты бет > Жаңалықтар > Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі және сұранысқа ие мамандықтар
4
Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі және сұранысқа ие мамандықтар

Қалалық жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде кәсіби бағдар беру үдерісіндегі ата-ананың рөлі, талапкерлерге психологиялық қолдау көрсету жолдары, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық пен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, Heriot-Watt University Ақтөбе кампусы халықаралық білім беру жүйесінің ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстары таныстырылды.

Шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.