Басты бет > Халықаралық байланыстар > Жұбанов университеті жанындағы Конфуций институты оқушысы «Қытай тілі көпірі» байқауында топ жарды
4
Жұбанов университеті жанындағы Конфуций институты оқушысы «Қытай тілі көпірі» байқауында топ жарды

21-22 мамыр күндері өткен дүниежүзілік «Қытай тілі көпірі» байқауының Қазақстан аймақтық финалында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы Конфуций институтының оқушысы Алина Русяева І орынды иеленді.

«Қытай тілі көпірі» – студенттер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылатын халықаралық қытай тілі байқауы. Жоба қатысушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға, қытай мәдениетін насихаттауға және халықаралық білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған.

Байқау қорытындысы бойынша университет жанындағы Конфуций институтының өкілдері келесі жетістіктерге қол жеткізді:

Бастауыш сынып оқушылары арасында:
– ZHANABAI BALZHAN — II орын;
– KAIRAT ADIYA — «Үздік баяндама» номинациясы;
– KALIMGALI ALDIAR — «Үздік қатысушы» номинациясы.

Мектеп оқушылары арасында:
– RUSSYAYEVA ALINA — I орын;
– ANKAPOVA AILANA — II орын;
– KHAIDAROV ISLAMZHAN — III орын.

Студенттер арасында:
– ABDULLINA ILONNA — «Үздік өнер көрсету» номинациясы;
– ASEMAI KUANYSHBEK — «Үздік қатысушы» номинациясы.

Сонымен қатар, байқауды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Жұбанов университеті Конфуций институты «Үздік көшбасшы» атағына ие болды.

Аталған халықаралық жоба Қазақстан мен Қытай жастары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ қытай тілі мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.