Түрік тілі курстарының екінші легі сәтті аяқталды
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің ұйымдастыруымен түрік тілі курстарының екінші легі аяқталды.
Курсқа университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, А1 және А2 деңгейлері бойынша білім алды. Бағдарламаны сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар салтанатты түрде табысталды.
Түрік тілі курстары қатысушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, халықаралық академиялық ортада еркін қарым-қатынас жасауына және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті алдағы уақытта да шетел тілдерін оқытуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жобаларды жалғастырады.