Басты бет > Жаңалықтар > ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
4
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бастамасы аясында мамыр айында басталған «Ғылымға қадам 2.0» жобасы қорытындыланды. 

Қорытынды дәрісті жоба авторы, Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова өткізіп, еліміздегі ғылымның даму қарқыны мен ғалымдарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы ақпарат бөлісті. 

Жобаға Мұғалжар ауданының білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын 45 педагог қатысып, оларға бір ай бойы университеттің ғалымдары мен зерттеуші-оқытушылары ғылыми зерттеу негіздері бойынша семинарлар мен шеберлік сағаттарын, практикалық сабақтар өткізді. 

Бағдарлама педагогтердің ғылыми мақала жазу, зерттеу әдістерін қолдану және жобалық жұмыстарды рәсімдеу бойынша сұраныстары негізінде әзірленді. Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық кезеңдерді құрады. Жоба соңында қатысушылар тәлімгерлердің нұсқаулығымен дайындаған жобаларын таныстырып, сарапшы мамандардан кері байланыс алды.

Сондай-ақ, Жұбанов университетінің базасында өткізілген жоба аясында өңір педагогтарына университеттің зертханалық базасын, инклюзивті білім беру кабинеттерін және кітапхана ресурстарын бірлесіп пайдалану мүмкіндігі ұсынылды.

«Ғылымға қадам 2.0» жобасы қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, облыстың өзге де аудандары тарапынан сұранысқа ие болды. Жоба педагогтердің ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға, ғылыми жоба мен мақала жазу дағдыларын қалыптастыру және өңірдегі мектеп ғылымының сапасын арттыруға ықпал етуге бағытталды.