Басты бет > Білім > Кәсіби даму және әдістемелік трансформация
4
Кәсіби даму және әдістемелік трансформация

13-24 сәуір аралығында университеттің 150 профессор-оқытушысы «Оқытушылық және зерттеу қызметінде генеративті жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбындағы 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.

Оқу курсы барысында оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметінде генеративті жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану мәселелері, жасанды интеллект құралдарының білім беру үдерісіндегі рөлі мен мүмкіндіктері, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу контекстінде оларды қолдану әдістемелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар жасанды интеллект жағдайында бағалау жүйесін трансформациялау, бағалау критерийлерін (rubrics) әзірлеу және білім алушылардың оқу жетістіктерін өлшеудің заманауи тәсілдері жан-жақты талқыланды.

Біліктілікті арттыру бағдарламасын Қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушылары  Тазабекова Парасат Қадырқұлқызы және Базарбаева Айнұр Маратқызы жүргізді.

Курс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға белгіленген үлгідегі біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды.