Медицина қызметкерлеріне алғыс
Медицина қызметкерлері күніне орай студенттік емхана қызметкерлері білім алушылар денсаулығын сақтау мен нығайту жолындағы кәсіби еңбегі үшін Басқарма төрағасы-ректордың және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Кездесу барысында ректор Лаура Қарабасова академиялық ортадағы денсаулық сақтау қызметінің маңызын атап өтіп, емхана ұжымының студент жастардың денсаулығын қорғау, профилактикалық шараларды жүзеге асыру, медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысына оң баға берді.
Университет емханасының мамандары білім алушыларға сапалы медициналық қызмет көрсетіп қана қоймай, оқу үдерісінің үздіксіздігі мен академиялық қауымдастықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге де елеулі үлес қосып келеді.
Емхана қызметкерлерін және барша денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз.