Басты бет > Жаңалықтар > Жыл үздіктері марапатталды
4
Жыл үздіктері марапатталды

Университеттің тұрақты даму жолында стратегиялық мақсаттар мен негізгі көрсеткіштердің тиімді жүзеге асуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге құрмет көрсетілді. 

Ректор Лаура Қарабасова құттықтау сөзінде университеттің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі адами капиталдың шешуші рөлін атап өтті. Сондай-ақ академиялық қауымдастықтағы ұжымдық мәдениет пен ортақ құндылықтардың білім беру ұйымының сапалы дамуына тікелей әсер ететінін жеткізді.

Марапат иелері оқу орнының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді атсалысып, білім беру қызметінің сапасын жетілдіру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің нәтижелілігін арттыру, тәрбие және әлеуметтік жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру, академиялық адалдық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытында жоғары кәсібилік танытып келеді.

Бұл бастама кәсіби еңбектің, жоғары жауапкершілік пен ортақ мақсатқа деген адалдықтың көрінісі.