Басты бет > Халықаралық байланыстар > Ғылыми зерттеулер халықаралық алаңда таныстырылды
4
Ғылыми зерттеулер халықаралық алаңда таныстырылды

Доцент Акылбек Жаманшинді Түркияның Зонгулдак қаласында өткен беделді халықаралық MMAS’26 3rd Workshop (Mathematical Modeling, Analysis and Simulation of Real-World Problems) конференциясында сәтті пленарлық баяндама жасауымен құттықтаймыз.

Ақылбек Жаманшин дифференциалдық теңдеулер мен нейрондық желілер саласындағы заманауи зерттеулерге арналған «Compartmental Alpha Unpredictable Solutions of Differential Equations and Neural Networks» тақырыбында пленарлық баяндама жасады.

Конференция жұмысына профессор Марат Ахметтің қазақстандық ғылыми мектебінің өкілдері – Акылбек Жаманшин, Мадина Тлеубергенова, Еркебулан Арызахметов және Ернар Шакимов қатысып, ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін халықаралық деңгейде лайықты түрде таныстырды.

Конференцияға АҚШ, БАӘ, Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің ғалымдары қатысты.

Әріптестерімізге алдағы уақытта да ғылыми табыстар, жаңа жаңалықтар мен жарқын жетістіктер тілейміз!