Басты бет > Халықаралық байланыстар > THE Impact Rankings 2026: университеттің халықаралық деңгейдегі нәтижелері артты
4
THE Impact Rankings 2026: университеттің халықаралық деңгейдегі нәтижелері артты

THE Impact Rankings халықаралық рейтингінің 2026 жылғы қорытындысы бойынша университет 1001-1500 орындар тобына еніп, жалпы көрсеткіші өткен жылдармен салыстырғанда 500 позицияға жоғарылады. 

2026 жылы университет ұсынған Тұрақты даму мақсаттарының саны 9 бағытқа артты. Ең жоғары нәтижелер «Сапалы білім беру» бағыты бойынша тіркеліп, университет 1335 жоғары оқу орнының ішінде 801-1000 орын аралығынан көрінді. «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» бағыты бойынша 1003 университеттің арасында 301-400 орынға көтерілді. «Тұрақты даму мақсаттары жолындағы әріптестік»  көрсеткіші бойынша 1610 университеттің ішінде 1001-1500 орын аралығына орналасты.

Сонымен қатар, өзге де Тұрақты даму мақсаттары бойынша оң серпін байқалады. «Кедейлікті жою» бағыты бойынша университет 931 жоғары оқу орнының ішінде 801+ орынға, «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша 1254 университеттің арасында 1001+ орынға ие болды. «Гендерлік теңдік» саласында 1095 университеттің ішінде 801-1000 орын аралығына енді. «Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым» бағыты бойынша 826 жоғары оқу орнының арасында 601-800 орынға, «Теңсіздікті азайту» көрсеткіші бойынша 932 университеттің ішінде 801+ орынға ие болды. Ал «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» бағыты бойынша 914 университеттің арасында 601-800 орын аралығынан көрінді.

Бұл нәтижелер университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік жауапкершілік және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы қызметінің тиімділігін және оның жаһандық академиялық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.