Басты бет > Жаңалықтар > Жаңа Конституция жоғары білім мен ғылымның рөлін күшейтеді
4
Жаңа Конституция жоғары білім мен ғылымның рөлін күшейтеді

Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияның құқықтық және қоғамдық-саяси маңызы кеңінен талқыланып, онда білім, ғылым, инновация және адами капиталдың мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ретінде конституциялық деңгейде айқындалуы ел дамуының маңызды бағыты екені атап өтілді.

Университет ректоры Лаура Қарабасова факультет декандарына жаңа Конституцияның арнайы басылымын салтанатты түрде табыстап, жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми қызметінде конституциялық құндылықтарды басшылыққа алудың маңызын айтты. Сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін дәріптеу және мемлекеттік саясатты ғылыми тұрғыдан зерделеудегі рөліне ерекше тоқталды.

Жиын барысында физика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Амирбек Бекешевке 10200 – Физикалық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы дипломы табысталды. 

Ғылыми кеңестің күн тәртібіне сәйкес Басқарма мүшелері университет қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша есеп берді. Академиялық және ғылыми қызметтің нәтижелері, халықаралық ынтымақтастық, жастар саясаты мен тәрбие жұмысының қорытындылары қаралып, университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін нығайтуға және стратегиялық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бірқатар шешім қабылданды.