Кітапхана қоры халықаралық ғылыми басылымдармен толықты
Университет кітапханасына Еуропалық инновациялар альянсы (European Alliance for Innovation) ұйымдастырған халықаралық ғылыми конференция материалдары негізінде жарық көрген жаңа кітаптар табысталды.
«Тұрақты когнитивті есептеулерге арналған үлкен деректер негізіндегі инновациялар» атты жинақтың редакторларының бірі – Heriot-Watt University Ақтөбе кампусының қауымдастырылған профессоры Арулмуруган Раму.
Доктор Арулмуруган Раму осы халықаралық конференцияның нәтижесінде жарық көрген ғылыми жинақты екі жыл қатарынан редакциялаған. Бұл оның халықаралық ғылыми қауымдастықтағы жоғары кәсіби беделін көрсетеді.
Университет кітапханасының қоры аталған жинақтың алтыншы және жетінші басылымдарымен толықты. Бұл басылымдар студенттер мен зерттеушілерге үлкен деректер, жасанды интеллект және тұрақты есептеу жүйелері саласындағы заманауи ғылыми зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді.