Басты бет > Құттықтаймыз > Мейіржан Кәдірәлі – Азия чемпионы
4
Мейіржан Кәдірәлі – Азия чемпионы

17–21 шілде күндері Бангкок қаласында су спорты түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша өткен XII Азия чемпионатында университет білім алушысы Мейіржан Кәдірәлі жоғары нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды.

Мейіржан Кәдірәлі – физика-математика факультетінің 2-курс студенті. Чемпионат барысында ол Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 4×100 метрлік эстафеталық жүзу сайысында өнер көрсетіп, команда құрамында алтын медальді жеңіп алды.

Құттықтаймыз!