Университет түлегі – ел Вице-Президенті
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұбанов университетінің түлегі Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды.
Ерлан Қарин 1996 жылы университеттің тарих факультетін тәмамдаған. Университет түлегінің осындай жоғары мемлекеттік қызметке тағайындалуы – Жұбанов университетінің тарихындағы маңызды оқиға.
Университет қауымдастығы Ерлан Тынымбайұлын жаңа қызметімен құттықтап, мемлекет мүддесі жолындағы жауапты жұмысына табыс тілейді!