Отбасы – бақыт мекені
15 қыркүйек – Отбасы күніне орай білім алушылардың әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, отбасылық тәрбие институтының маңызын насихаттау және қоғамдағы өзара жауапкершілік қағидаттарын нығайту мақсатында тағылымдық кездесу ұйымдастырылды.
Білім алушылар бір шаңырақ астына әртүрлі өмірлік жағдайлар мен тағдыр жолдарымен келген балаларды тәрбиелеп отырған Жетесовтер отбасымен жүздесті. Бұл отбасыда қазіргі таңда 28 бала ата-ана мейірімі мен қамқорлығына бөленіп, біртұтас отбасының мүшесіне айналған.
Кездесу барысында отбасы құндылықтары, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, әлеуметтік-педагогикалық қолдау мәселелері талқыланды.
Аталған кездесу жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, гуманистік құндылықтарды орнықтыруға және отбасы институтының қоғамдағы мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.