Басты бет > Жаңалықтар > Интернеттегі қауіпсіздік: алаяқтықтан сақтану жолдары
4
Интернеттегі қауіпсіздік: алаяқтықтан сақтану жолдары

Жұбанов университетінде «Заң мен тәртіп» идеялогиясы аясында «Интернеттегі сақтық – сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіздің кепілі» тақырыбында TEDx форматында кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және цифрлық ортада сақтық шараларын сақтау жөнінде ақпарат беру.

Кездесуге құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, интернеттегі қауіпсіздік, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және цифрлық кеңістіктегі құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзекті ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар жастарға күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға жауап бермеу, банк картасының деректері мен өзге де жеке ақпаратты бөгде адамдарға бермеу, сондай-ақ интернеттегі кез келген қаржылық операцияға сақтықпен қараудың маңыздылығы айтылды.