Басты бет > Жаңалықтар > Әділетті қоғамның негізі - азаматтық жауапкершілік
4
Әділетті қоғамның негізі - азаматтық жауапкершілік

Жұбанов университетінде «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз: Жаңа Конституция – азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық келісімнің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында әділетті қоғам құндылықтары, құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық келісім мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Санжар Жайлыбай, университеттің ғылыми кітапханасының бас кітапханашысы Эльвира Абдуллина, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Үмбетхан Сарсембин және «Құқықтану» кафедрасының доценті, PhD Багила Тлеулесова қатысып, өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасады.

Баяндамаларда кітап оқудың тұлға мен қоғам дамуындағы рөлі, әділетті қоғамның негізгі құндылықтары, жаңа Конституция аясындағы құқық пен жауапкершілік, сондай-ақ қоғамдық келісімнің маңызы сөз болды. Спикерлер құқықтық сауаттылық пен азаматтық ұстанымның қоғамдағы өзара жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, көтерілген мәселелер төңірегінде пікір алмасты.