Басты бет > Жаңалықтар > Білім мен бизнес: ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
4
Білім мен бизнес: ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Жұбанов университеті, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және «ПО Глобал Спецодежда» ЖШС арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Жаңа серіктестік білім беру мен бизнес арасындағы байланысты нығайтуға, бірлескен жобаларды іске асыруға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мен олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Меморандум тараптардың өзара іс-қимылын одан әрі кеңейтіп, бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға негіз болмақ.

Ғылым, білім және кәсіпкерлік салаларының әлеуетін ұштастыра отырып, Жұбанов университеті студенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, экономиканың нақты секторымен әріптестікті одан әрі дамытуда.