Басты бет > Халықаралық байланыстар > Lancaster university ғалымы Жұбанов университетінде
4
Lancaster university ғалымы Жұбанов университетінде

Жұбанов университетінде шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында жаратылыстану факультетінің "Биология" кафедрасына Lancaster университетінің PhD, қауымдастырылған профессоры John G. Hardy шақырылды.

John G. Hardy – материалдар химиясы, биоматериалдар және биомедициналық инженерия салаларында зерттеу жүргізетін британдық ғалым. 

Ғалымның зерттеу жұмыстары химия, биология, медицина, фармация және инженерия салаларын тоғыстыра отырып, жаңа буын «ақылды» биоматериалдарын әзірлеуге бағытталған. Мұндай материалдарды болашақта дәрілік заттарды мақсатты түрде жеткізу, жүйке жүйесін зерттеу, зақымдалған ұлпаларды қалпына келтіру, сондай-ақ диагностика мен емдеу үдерістерін ықпалдастыру бағыттарында қолдану мүмкіндігі қарастырылуда.

John G. Hardy – 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Оның ғылыми-зерттеу тәжірибесі биомедицина, аналитикалық химия, материалтану, полимерлер, синтез, биомедициналық және химиялық инженерия, ауыл шаруашылығы ғылымдары сияқты бірнеше бағытты қамтиды.

Ғалымның ғылыми нәтижелері халықаралық дерекқорларда да көрініс тапқан. Оның Хирш индексі Web of Science базасында – 42, Scopus базасында – 46.