Шетелдік ғалым шеберлік сабағын өткізді
Ланкастер университетінің PhD докторы, қауымдастырылған профессоры John G. Hardy жаратылыстану факультетінің профессор-оқытушылар құрамына «Biocompatibility, Toxicology, and Host–Material Testing» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағының негізгі мақсаты – профессор-оқытушыларды биоматериалдардың биологиялық үйлесімділігі мен токсикологиялық қауіпсіздігін бағалаудың заманауи ғылыми әдістерімен таныстыру, ағза мен материал арасындағы өзара әрекеттесу механизмдерін зерттеу тәсілдерін түсіндіру және эксперименттік зерттеу нәтижелерін ғылыми тұрғыдан интерпретациялау дағдыларын жетілдіру.
Сабақ барысында биоматериалдардың тірі ағзаға әсер ету ерекшеліктері, оларды медициналық және биотехнологиялық мақсаттарда қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті бағалаудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылды. Сонымен бірге профессор-оқытушылар құрамы шетелдік ғалыммен бірлесіп, болашақта жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары мен перспективаларын талқылады.