Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағытында келісімшарт жасалды
«Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша 2027–2030 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент» кафедрасы мен «М. Тәжин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ арасында келісімшарт жасалды.
Келісімшарт аясында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тиімді жүйесін зерделеу, оның ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу және білім беру практикасына енгізу бағытында кешенді зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Жоба аясында ғылыми зерттеулер мен практикалық жұмыстарды ұштастыра отырып, білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдаудың тиімді тетіктерін айқындауға және оларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу көзделеді.
Аталған ынтымақтастық білім беру саласындағы ғылыми әлеуетті арттыруға, озық тәжірибені зерделеуге және зерттеу нәтижелерін білім беру практикасына енгізуге мүмкіндік береді.