Басты бет > Жаңалықтар > Бос грант орындарына конкурс нәтижелері анықталды
4
Бос грант орындарына конкурс нәтижелері анықталды

Бүгін Жұбанов университетінің басшылығы республикалық бюджет есебінен бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлерін құттықтады.

Конкурс нәтижесінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша GPA көрсеткіші жоғары 31 білім алушы мемлекеттік босаған білім беру грантының иегері атанды. Оның ішінде отызы бакалавриат, біреуі магистратура білім алушысы. Бакалавриат бойынша грант иегерлерінің қатарында Heriot-Watt University Ақтөбе кампусының 1 студенті де бар.

Бос білім беру гранттарын бөлу кезінде білім алушылардың академиялық үлгерімі, GPA көрсеткіші және конкурс талаптарына сәйкестігі ескерілді. Нәтижесінде гранттар оқу үлгерімі жоғары білім алушыларға берілді.