Басты бет > Жаңалықтар > Ақтөбеде еліміздегі ең ауқымды өңірлік пікірсайыс турнирлерінің бірі басталды
4
Ақтөбеде еліміздегі ең ауқымды өңірлік пікірсайыс турнирлерінің бірі басталды

Университетімізде «Zhubanov CUP VIII» республикалық пікірсайыс турнирі басталды. Екі күнге созылатын зияткерлік сайысқа еліміздің 14 облысындағы 19 жоғары оқу орнынан 140-тан астам жас қатысып, 72 фракция бақ сынайды.

«Озық ойлы ұлт: құқық, білім және технология» тақырыбындағы турнирде жасанды интеллект, білім беру, технологиялық даму және қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланады.

Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған турнир жастардың сыни ойлау қабілетін, шешендік шеберлігін және дәлелді пікірталас мәдениетін дамытуға бағытталған.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1,5 миллион теңге.