Zhubanov University ғылыми жобаларды коммерцияландыруға басымдық береді
Zhubanov University мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының Ақтөбе филиалы бірлесіп, ғылыми идеяларды коммерцияландыруға бағытталған «Business Incubation – 2026» бағдарламасын іске қосты.
Бір айлық бағдарлама аясында университет оқытушылары тәжірибелі кәсіпкерлермен бірлесіп, ғылыми әзірлемелерді бизнес-жобаға айналдыру, бизнес-модель құру, қаржылық жоспарлау және инновациялық өнімдерді нарыққа шығару жолдарын меңгереді.
Бастаманың негізгі мақсаты – университеттің ғылыми әлеуетін нақты экономикалық нәтижеге бағыттап, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға және ғылым мен бизнес арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік жасау.